Тақырыбы: «Ас - атасы нан.»
Мақсаты: Балаларға ас атасы - нан екендігін ,нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін , оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанды қастерлеуге ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Нан, бауырсақ, бидай дәні, .суреттер слайд
Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, бәріміз қонақтармен амандасайық.
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good moning !
Шаттық шеңбермен басталады:
Үлкенге де сіз, кішігеде сіз,
Баршаңызды құрметтеп ,бас иеміз біз.
Армысың қонақтар!
Армысың достарым!
Дастарханында әр үйдің ,
Болсын қасиетті нанымыз.
Тәрбиеші: Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырайын:
Асты тас ,үсті тас
Ортасында піскен ас .( Таба нан )
Ақ сары тоны бар
Қауызында дәні бар .( бидай )
Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар балалар осы нан мен бидайды не байланыстырады деп ойлайсыңдар?
-Себебі нан бидайдан жасалады.
-Дұрыс, балалар нан туралы не білесіңдер, нан қандай тағам?
-Балалардың жауаптары.
-Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Ас атасы нан» деп аталады.
-Балалар неге нанды ас атасы деп айтады?
-Балалардың жауаптары.
-Иә, нан ең қасиетті тағам, біз күнде бір тамақты қайта-қайта жей берсек,
Ол тамақтан шығып қаламыз, ал нанды біз күнде жейміз, әрқашан дастарханымызда нан тұрады.
Тәрбиеші:Ал енді осы қасиетті нан дастарханымызға қалай келеді екен?
Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді.Оны күтіп баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып,зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында журеді.
Егін піскен кезде адамдар оны комбайынмен жинауқа кіріседі.Күндемей,түндемей, егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады.Ұнның үш сорты болады.Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, апарылады.Наубайханада ұнның сортынан нан түрлері піседі.Наубайханада ұннан қамыр илеп,қамыр дан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді.
Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды. (Слайдтан көрсету)
Тәрбиеші: Ал балалар нан туралы тақпақтар білесіңдер ме ?
Нұрай
Алеся
Али
Аружан
Ал балалар нан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Нан болса әнде болады.
Ас- атасы нан
Дастархан-көркі нан
Еңбектің наны тәтті
.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған болармыз, кәне барлығымыз бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай ,
Басын иіп аққудай.
Тракторменен комбайын
Жүргізуге мен дайын
Музыка ырғағымен біз дәнбіз, диқан жерге дән екті (балалар жатады)
Сіркіреп жаңбыр жауады. (жайлап қолдарын шапалақтайды)
Жер бетіне көгеріп масақтар шыға бастайды .( қолдарын көтереді)
Жайлап самал жел есті, бидай жайқалды . (қолдарын ырғайды)
Тәрбиеші: Балалар, сендер суреттен не көрдіңдер, екенін атап өтелік, 3 тілде қазақша, орысша, ағылшынша.
Бидай- пшеница-wheat
Таба нан-хлеб- bread
Ұн-мука- flour
Ойын : пицца жасау
Тыйым сөздер:
1.Нанды бір қолмен үзіп жеуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз біз не туралы айттық.
(Балалар жауабы )
-Ал балалар,бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды, біздің халқымыз сондай қонақжай, үйге келген қонаққа біз не ұсынамыз?
Иә, нан ауыз тиіңіз деп айтамыз, бізде қонақтарымызды дастарханнан нан татуға шақырайық.
Қош сау болыңыздар!
Досвиданья!
Good bay!