"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мирас" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Мирас" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области".

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасында баланың дүниеге келгенен кейінгі сөйлеуін дамытудың ерекшелігі"

Кейде қалыпты дамып келе жатқан балалар сөйлеуді меңгеруде қиындықтарға тап болады. Мұның бірнеше себептері бар: бала денсаулығына байланысты, мектепке дейінгі ұйымдарға баланың бармауы, отбасындағы тілдік қарым-қатынастың аздығы және т.б. Мұндай жағдайларда ата-аналар балаларына көмек көрсетудің жолдарын, әдістерін іздей бастайды. Қазіргі уақытта ата-аналарға үйде баламен түрлі іс-әрекеттер ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ақпарат көздері көп. Сөйлеуді дамытуда және дыбыстарды дұрыс айтуда баланың естуі маңызды рөл атқарады. Еліктеу арқылы баланың сөйлеуі дамиды. Сондықтан ересектер баланың дыбыстарды, сөздерді айтуын қадағалап, өздері асықпай сөйлеуі, барлық дыбыстар мен сөздерді анық айтуы өте маңызды. Көбінесе баланың дыбыстарды дұрыс айтпауы-ересектердің немесе құрдастарының тіліндегі кемшіліктерге, дұрыс сөйлемеуіне еліктеуі болып табылады. Ата-аналар баламен сөйлескенде олардың дұрыс сөйлеуі үшін сөздерді бұрмалап айтуға, жалпы қабылданған сөздердің орнына қысқартылған сөздерді қолдануға болмайтындығына назар аударуы қажет. Бұл дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қордың дамуына кері әсер етеді. Қазіргі кезде сөйлеу дамуының кешеуілдеуі бар балалар саны артып келе жатқаны белгілі. Сөйлеу – баланың психикалық дамуының басты көрсеткіші, себебі онда баланың барлық жетістіктері мен проблемалары көрініс табады.Сөйлеудің тежелуінің бірінші және басты себебі баланың ата анасымен жеткіліксіз қарым-қатынасы болып табылатындығы айқындалды. Көптеген ата-аналар өзінің жұмыс бастылығына және уақытының тығыздығына байланысты балаларымен сөйлесуге, көңіл бөлуге уақыттары жоқ. Сол себептен қазір ата-аналар түрлі мамандардың көмегіне көбірек жүгінуде. Алайда мамандармен жүргізілген шаралардың тиімділігі мен сәттілігі ата-аналардың мамандар ұсынған ұсыныстары мен кеңестерін қаншалықты дұрыс орындайтындығына байланысты. Осы нормаларға сәйкес, 12 айлық бала қарым-қатынас жасау үшін 10-ға жуық қарапайым сөздерді қолданады, 24 айға дейін 2 сөзден тұратын алғашқы тіркестер пайда болады (Щелованов, Аксарина 1955). Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде Бұл термин (Capone Singleton 2018; Nouraey et al. 2021). Бұл топқа дамуында ауытқулар немесе неврологиялық дисфункциялар анықталмаған, бірақ үш жасында фразалық сөйлеу қабілеті жоқ балалар жатады. Мұндай балалардың сөйлеуі бірте-бірте дами бастағанымен, олардың мектепте оқуда қиындықтары бар екендігі туралы деректер бар (Capone Singleton 2018; Nouray et al. 2021). Балаңыз анық сөйлей ме? 9 Бала туғанда сөйлей алмайтыны бәрімізге белгілі. Ол біртіндеп жас және даму ерекшелігіне байланысты дыбыстарды дұрыс және анық айтуға, сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыруға, өз ойын толық және жүйелі жеткізуге үйренеді. Көптеген ата-аналарда мынадай сұрақтар туындайды: баланың сөйлеуі қалай дамуы керек? Олар сөйлеу кезінде туындаған мәселелерді өзбетінше шеше ала ма? Баланың белсенді сөйлеуі бірқатар даму кезеңдерінен өтеді. Бала сөйлеуінің алғашқы көрінісі – айқай болып табылады. Туылғаннан кейінгі алғашқы айларда ата-анасын және айналасындағы басқа ересектерді мұқият тыңдайды. Бірте-бірте ол әртүрлі адамдардың дауыстарын ажырата білуге үйренеді, сөйлескен кезде басын дыбысқа бұрады. 2-3 ай. Айқайдың орнына гуілдеу пайда болады. Гуілдеу – дауысты дыбыстарды айту. Бұл дыбыстарды айтуға сөйлеу аппаратының белсенді дайындық кезеңі. Осы кезеңде баланың сөзді түсінуін дамыту процесі жүзеге асырылады, ол өзінің интонациясын бақсаруды үйренеді. 7-9 ай. Бала бірдей буындарды айтады: «ба-ба-ба», «ма-ма-ма-ма». Сөйлеудің бұл көрінісі былдырлау деп аталады. 9-11 ай. Бала ересектердің айтқан дыбыстарына еліктейді. 11-13 ай. Бала бірнеше сөздерді айта алады. Бұл бірдей буыннан тұратын, екі сөз: «ма-ма», «нәм-нәм» және т.б. 1 жастағы балалардың сөйлеу дамуының нормасы-сөздік қоры 3-тен 20 сөзге дейін. Б1 жас 6 айда ішінде нәресте тек 30-40 сөз қолданады. Екі жасқа қарай баланың сөздік қоры айтарлықтай молаяды (әртүрлі сөз таптарынан 300-400 сөз) 2-3 жас. 2 жаста сөз тіркестерін, жай сөйлемдерді айтады. Күрделі сөйлемдер құрастыруды үйренеді, қиялы дамиды. 3 жас 5 айында баланың сөздік қоры 1000-1500-нан астам сөзді құрайды. 3-4 жас. Сыпайы сөйлеу әдебін, жалғауларды дұрыс қолданады, «не?», «қайда?», «қашан?», «неге?» деген сұрақтарға жауап береді, сөйлегенде етістіктерді өткен шақта қолданып, дыбыстарды айтудағы кемшіліктері біртіндеп жойыла бастайды. 4 жастан 5 жасқа дейін. Күрделі сөйлемдерді, тілдің грамматикалық құрылымын қолдана отырып, байланыстырып сөйлеуді меңгереді. Тұрмыстық заттарды, заттардың қасиеттері мен түстерін білдіретін сөздерді айтады. Ұқсас дыбыстары бар буындарды қайталайды, айтылған сөздерден белгілі бір дыбыстарды бөліп көрсетеді. Дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуы қалыптасады. 5 жастан 6 жасқа дейін. Заттарды өзбетінше топтастырады, ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айтады және ажыратады, сөздердің дыбыстық - буындық құрамын сақтайды, ойдан құрастырып, әңгімелер айтып береді, өзі туралы айтады және кейбір заттарға анықтама береді, сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Бұл бала сөйлеуінің даму кезеңдері. Егер баланың сөйлеуінде қандай да бір кемістіктерді байқаған жағдайда назардан тыс қалдырмау қажет. 10 «Алаңдамаңыз, менің баламда кеш сөйледі» деген кеңестерге құлақ аспау керек. Бала сөйлейді, бірақ мәселе оның қашан және қалай сөйлеуінде. Балада қалыптасқан сөйлеу кемістіктерін түзету әлдеқайда қиын екенін есте сақтаған абзал! Баланың сөйлеуі сазбалшық тәрізді: ол дымқыл болғанда одан қажетті пішін жасау оңай, бірақ, кептірілген сазбалшықтан қандай да бір бұйым мүсіндеу қиын және мүмкін емес. Сондықтан баланың сөйлеуінің дамуына ерте көңіл бөлу қажет.  


Текст