2017 жылдың ақпан айында № 18 «Мирас» балабақшасы ашылды, балабақша ғимараты 240 баланы оқытып, тәрбиелеуге арналған. Онда қазіргі кезде 12 топ жұмыс істейді, оның 8 қазақ тілінде, ал 4 орыс тілінде оқытады. Әсем безендірілген музыка залы, заман талабына сай жабдықталған спорт залы және интерактивті тақтасы бар шығармашылық залы жұмыс істейді. Әр топ балалардың толық білім алуларына қажетті әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдармен, телевизор, ойыншықтармен жабдықталған.
Жаңа балабақша болса да ұжымы жұмылған жұдырықтай бірлесіп, қандай іс-шаралар болса да бірге атқарады. Ұйымшыл ұжымды басқарып отырған балабақша меңгерушісі Жұмажанова Сандуғаш Сәлімжанқызы басшылық ете отырып, әр қызметкерге ақыл-кеңес беріп, әрқайсысын тыңдай білетін меңгеруші. Балабақшада тіл мамандары, дене тәрбиесі нұсқаушылары және музыка жетекшілері бүлдіршіндермен жұмыс істейді. Балабақша әдіскері Манатова Жанар Саурашевна тәрбиешілерге, мамандарға, жас мамандарға әдістемелік көмегін көрсетіп, ақыл-кеңес беруден жалықпайды.