Тақырыбы: «Тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты апталықтың ашылуы Мақсаты: Балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. Міндеттері: Балалар өз ана тілін дамытып,таза сөйлеуге өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тілін қастерлеуге,еркін сөйлеуге баулу.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу. I жүргізуші:- Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! «Тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты тілдер күніне арналған салтанатты мерекемізді тамашалайық! Әнұран
І жүргізуші: қыркүйек айында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
1.Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Амира
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2.Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын, салт - дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім. Максим
3.Мен қазақпын, сүйемін қазақ жерін, Қазақ жері - ол менің туған жерім.
Сағынамын шет шықсам қазағымның Дамир
Тау - тасын, өзен - суын, асқар белін
4.Мен орыспын, сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің.
Қазақ тілі мықты деп білемін, Амир
Болуға ортақ тілі халықтардың.
5. Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте. Айкүнім
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
6. Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған Анаға бас иеміз Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп, Амина Ана тілін Ана тілін Ана тілін сүйеміз! Ән: «Ана тілі » вокалдық топ Тілім менің ана тілім Жырым менің ана тілім Көк аспанда күлімдеген
Нұрым менің ана тілім Білесің бе дала тілім, Білесің бе дана тілім Қазақ үшін құдіретті, Әрқашанда ана тілім Балдай тәтті бала тілім Сөзбен тәтті дана тілім Қазақ үшін қасиетті Жаса мәңгі ана тілім
Ән: «Отаным» Орындайтын №5 «Еркетай»тобы
1.Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан – ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған жер
2.Отан-жерім
Отан- суым
Отан -қуат, нәр береді
Отан- ұран
Отан- мәнгі гүлденеді.
3. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
1.Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй. Абдуллах
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Әсемпаз болма әрнеге
2.Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
Кайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы- екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа, Алдың — жалын, артың — мұз, Барар едің қай жаққа?
3. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы — үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды
Жүргізуші:- «Тіл – жарқын болашақтың кепілі». атты тілдер күніне арналған салтанатты ашық деп жариялаймыз! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!