"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мирас" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Мирас" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области".

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасымен бірге оқимыз»

«Отбасымен бірге оқимыз»
ата-анаға арналған пайдалы кеңестер

 

 

1. Балаңызға кітап сыйлаңыз. Кітапты қастерлеп ұстауға үйретіңіз.
2. Жеке кітапханаңызға балаға түсінікті және қызықты, мазмұнды, жасына сай кітаптар таңдаңыз. Қолда бар кітаптарды оқып болмайынша жаңа кітап алуға асықпаңыз.
3. Теледидар, компьютер және кітап үшеуінің біреуін таңдау керек болса, міндетті түрде кітапты таңдаңыз.
4. Кітапты оқи отырып ойынға ұластырыңыз. Баламен бірігіп ертегі құрастырыңыз, мазмұнына қарай суретті кітапша жасаңыз.
5. Егер балаңызды кітап оқуы әлі де дұрыс болмай тұрса сіз уайымдамаңыз. Оқыған уақытта әрбір кезең сайын баланы мақтап отырыңыз.
6. Балаңызға үлгі көрсетіп, өзіңіз оқыңыз.
7. Егер сіз кітап оқуды ұнатсаңыз, бір күні сіздің балаңыз да өзі қолына кітап алуы мүмкін.
Ата-ана, балаңызбен бірге:
1. Жаңа кітаппен танысар алдында оның мұқабасына қараңыздар, авторының фамилиясын, кітаптың атын оқыңыздар.
2. Кітапты парақтай отырып, иллюстрацияларын мұқият қарап шығыңыздар.
3. Иллюстрациялар бойынша кітаптың болжамды мазмұнын анықтаңыздар.
4. Кітапты беттері, тараулары бойынша ретімен оқыңыздар.
Ата-анаға кеңес:
1. Баламен бірге күніне 10-15 минуттан дауыстап оқыңыз.
2. Мәтін оқудан бұрын бөлмені желдетіп, үстел үстінен назар аудартатын артық-ауыс заттарды алып тастаңыз.
3. Егер бала шаршаса, сергіту сәттерін жасатыңыз.
4. Баланы оқығаны үшін мақтап қойыңыз.
Кітапты оқып болған соң:
1. Кітаптағы қиын не таныс емес сөздердің мәнін анықтап түсіндіріңіз.
2. Баладан кітап несімен ұнағанын, одан нендей жаңа нәрселерді білгенін сұраңыз.
3. Баладан басты кейіпкер туралы, кітапта өрістейтін оқиғалар туралы сұраңыз.
4. Оның есінде қандай сөздер немесе сөз тіркестері қалған екен?
5. Бұл кітап не нәрсеге үйретеді?
6. Бала кітаптың ең қызық жерін бейнелейтін сурет салу туралы немесе оны жаттап алу жөнінде ұсыныс жасаңыз.
Кітаптар әлемінде сәттіліктер тілейміз!

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.10.2019 10:36
Құрылған күні: 10.10.2019 10:36

Текст