"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мирас" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Мирас" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области".

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата - аналарға ақпарат

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТІК ПУНКТ ТУРАЛЫ

ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ереже

Осы Ереже мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Мирас» бөбекжайы МКҚК кеңестік  пункттің қызметін реттейді.

1.1. Үйде тәрбиеленетін мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдар базасында ұйымдастырылады (одан әрі - МДҰ).

 1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымды бөлімшесі болып табылады.

1.3. Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-2 дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналып құрылады.

1.4. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі жастағы баланың дамуы мен тәрбиесінде ата-аналарға көмек көрсету формаларының бірі болып табылады.

1.5. Үйде тәрбиеленетін мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарына (заңды өкілдердің) арналған консультациялық пункт қызметі өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2. Мақсаттары мен міндеттері

2.1. Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығы мен бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналарға баламен өзара психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастың түрлері мен әдістерін, мазмұнын таңдау тиімділігін қамтамасыз етуде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балалардың тұлғалық жан-жақты дамуын қолдау.

Консультациялық пункттің басты міндеттері:

 - мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғалық жан-жақты дамуы бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;

 - ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-2 дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу сұрақтары бойынша консультациялық көмек көрсету;

 - ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі жастағы бала дамуындағы мәселелерді танып-білу және диагностикалау; - мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуында кездесетін әртүрлі ауытқулардың алдын-алу жұмысын жүргізу;

- мектепке дейінгі жастағы балаларын үйде тәрбиелейтін ата-аналарға 16 (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету.

3. Қызметті ұйымдастыру

3.1. Кеңестік пункт қызметі аясында жүзеге асырылады: - диагностикалық көмек - баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу, баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, потенциалдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу, дамудағы бұзылу механизмдерін және себептерін анықтау, баланың келешек дамуы мен тәрбиесіне ұсыныстар жасақтау; - консультациялық көмек – психологиялық, әлеуметтік,педагогикалық консультациялау, ата-аналарды бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиелік іс-әрекеттің басты бағыттары, кризисті жағдайлардан шығу туралы хабардар ету; - әдістемелік көмек – ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, оларды педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ақпараттандыру, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, жанұядағы жағымды қарым-қатынастарды формалау; бала дамуының жеке ерекшеліктеріне негізделген коррекциялық және дамыту технологияларымен таныстыру.

3.2. Кеңестік пункттің басты формалары ата-аналар (заңды өкілдер) өтініші бойынша қажетті жеке және топтық консультациялар жүргізу, жазбаша өтініш бойынша сырттай консультациялар беру, ата-аналар (заңды өкілдер) үшін лекциялар, теориялық және тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру, МДҰ сайты арқылы консультациялар мен әдістемелік ұсыныстар беру, балабақша мамандарымен мектепке дейінгі жастағы балаларды диагностикалау.

3.3. Кеңестік пункт ата-аналарға (заңды өкілдерге) төмендегі сұрақтар бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді:

- мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіру;

- балалардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктері; - ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті;

 - бала тамақтануын ұйымдастыру;

 - балаларды сауықтыру және шынықтыру үшін жағдайлар жасау;

- білім беру бағдарламаларын таңдау.

3.4. Кеңестік пункт ата-аналарға (заңды өкілдерге) келесі сұрақтар бойынша диагоностикалық көмек ұсынады:

- балаларды мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімдеу;

 - мектепте оқытуға даярлық;

- бала қабілеттері мен жеке дамуы ерекшеліктері;

- мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуында кездесетін әртүрлі акытқулардың алдын-алу.

3.5. Әдістемелік, диагностикалық және консультациялық көмек көрсету мамандар қызметін интеграциялау негізінде құрылады: тәрбиешілер, аға тәрбиеші, меңгеруші, медициналық қызметкер, психолог, логопед және басқа  мамандар. Консультациялық пунктке тартылған мамандар мектепке дейінгі ұйым түрімен, оның кадрлық құрамымен анықталады.

3.6. Кеңестік пункт қызметін жүргізу үшін келесі құжаттар қажет: - ата-аналардың алдын-ала тіркелу журналы; - өткізілген іс-шаралар кестесі; - консультациялық пункттің жұмыс жоспары; - консультациялық пункт жұмысының кестесі; - бір жылғы жұмыс сараптамасы.

3.7. Кеңестік пункттің жұмыс уақыты мектепке дейінгі ұйым меңгерушісімен бекітіледі.

4. Кеңестік пунктті басқару және жетекшілік ету

4.1. Кеңестік пунктті тікелей басқару мектепке дейінгі ұйым меңгерушісімен жүзеге асырылады.

4.2. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі кеңестік пункттің әрбір қызметкерінің лауазымдық (функционалдық) жауапкершіліктерін анықтайды

                       5. Кеңестік пунктте білім беру процесіне

қатысушылардың құқықтары мен жауапкершіліктері

5.1. Кеңестік пунктте білім беру процесіне қатысушылар-балалар, ата-аналар (заңды өкілдер) және мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық қызметкерлері болып табылады.

5.2. Кеңестік пунктке қатысушы әрбір баланың құқығы, әлеуметтік кепілдіктері бала құқығы туралы ООН Конвенциясына сәйкес, атаана мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы анықталады.

5.3. Кеңестік пунктте жұмыс жасайтын әрбір қызметкердің құқығы, әлеуметтік кепілдіктері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, консультациялық пункт ашылған мектепке дейінгі ұйым жарлығымен, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шартымен, лауазымдық нұсқаулықпен анықталады.


Текст