Ата-аналармен жұмыс туралы (мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер). «Беске дейін үлгер»
Бүгінгі күні балалардың, оның ішінде балалары мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған ата-аналарын (заңды өкілдерін) педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігі туындап отыр. Ол ата-аналарды (заңды өкілдерді) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кеңінен тартуды қамтиды.
МДҰ жанында Үлгілік қағидаларға сәйкес ата – аналардың (заңды өкілдердің) қажеттілігін ескере отырып, басшының бұйрығы негізінде ата- аналарға арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі - АКП) құрылады.
Консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдармен Инститтутың сайтында танысуға болады:
- Балаларға күтім жасау және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарды хабардар ету мақсатында консультациялық пункттерге арналған мобильді қосымшаны қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/02/mrk14.pdf ;
- Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/k+17.pdf ;
- Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша консультациялық пункттерге арналған нұсқаулықтар
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2024/11_2k.pdfд
Мектепке дейінгі ұйымдарда аталған мобильді консультациялық пункттерді ұйымдастыру үшін «Тәрбие бесігі» жобасы іске асырылуда, мобильді консультациялық пункттер жаз айларында мектепке дейінгі ұйымның аумағында арнайы жабдықталған жеке тұрған үй-жайларда өз қызметін ұйымдастырады. Бұл мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған және қамтылмаған балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қауіпсіз, жайлы жағдайлар жасалған үйшік, көлеңкелі шатырлар, киіз үй, құрастырмалы қалқалар және т.б. болуы мүмкін.
Бұл маңызды!
Виртуалды әдістемелік кабинеттің «Ата-аналарға арналған» айдарында ата-аналарды педагогикалық сүйемелдеуге арналған материалдар:
- мектепалды даярлық бойынша,
- мектеп жасына дейінгі балалардың іскерліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері бойынша педагогтердің, психологтардың және белгілі бір сала мамандарының кеңестері мен ұсынымдары орналастырылған;
- баланы үйде тәрбиелеу және дамыту бойынша дамытушы ойындары бар бейнероликтер ұсынылған.
«Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған мобильді қосымшасы
Балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбиелеу, дағдыларды дамыту және балалармен өзара әрекет ету тәрізді маңызды мәселелер бойынша қолжетімді және түсінікті контент ұсынатын «Беске дейін үлгеру» мобильді қосымшасы Қазақстанда іске қосылды. Қосымшаның барлық материалдары нейробиологиялық зерттеулердің ғылыми мәліметтері негізінде әзірленді, бұл олардың тиімділігі мен практикалық құндылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттері арқылы қолжетімді. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық қолдау алады, бұл отбасында салауатты және үйлесімді атмосфераны қалыптастыруға ықпал етеді.
Мобильді қосымша «Thrive by five» халықаралық бағдарламасы негізінде ата-аналарды, педагогтерді және ерте жастағы балаларды дамытуға қатысатын басқа ересектерді қолдауға арналған үйретуші бастама ретінде әзірленді.
Бұл маңызды!
Мобильді қосымшаны қолданған кезде басшылыққа алу:
- «Беске дейін үлгер» халықаралық бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған бейімделген бағдарлама» http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/12/mrk3112.pdf ;
«БЕСКЕ ДЕЙІН ҮЛГЕРУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН БЕЙІМДЕЛГЕН БАҒДАРЛАМА
«Беске дейін үлгеру» халықаралық бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған бейімделген бағдарлама (бұдан әрі-Бейімделген бағдарлама) халықаралық тәжірибе негізінде балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған
- «Консультациялық пункттерге арналған мобильді қосымшаны қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар»
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2025/02/mrk14.pdf
БАЛАЛАРҒА КҮТІМ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРДЫ ХАБАРДАР ЕТУ МАҚСАТЫНДА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Мобильді қосымша күтім жасау, дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың (туғаннан бес жасқа дейін) ата-аналары мен заңды өкілдерін ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында әзірленді. Ол сондай-ақ отбасылардың жеке қажеттіліктеріне негізделген ұсынымдар беруге мүмкіндік бере отырып, консультациялық пункттердегі педагогтер үшін құрал болып табылады [1-2].
Негізгі міндеттер: 1) баланың дамуы үшін ата-аналарға жайлы орта құруға көмектесу; 2) ерте дамыту және күтім жасау мәселелері бойынша атааналардың құзыретін арттыру; 3) цифрлық технологиялар арқылы тексерілген ақпаратқа қол жетімділікті жеңілдету; 4) ата-аналар мен мамандар арасында кері байланысты қамтамасыз ету. Қажеттілікке негіздеме Ерте жаста балалар сапалы күтімді және дамуын ынталандыруды қажет етеді. Алайда, көптеген ата-аналар тәрбиелеу әдістері туралы білмейді немесе кейде кәсіби консультация алу қол жетімді болмауы мүмкін. Мобильді қосымша бұл олқылықтың орнын толтырады және: 1) 24/7 форматтағы ақпаратқа қолайлы қол жетімділікті; 2) баланың жасын және ерекшеліктерін ескере отырып, жеке ұсынымдарды; 3) кіріктірілген консультациялар арқылы сарапшылармен өзара әрекет етуді ұсынады.