Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің
бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан
тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру
бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшаларындағы оқу -тәрбие жұмысының
сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ
формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді
құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт
– дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын
әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына»
сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде
оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері
көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса
бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы
отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ
тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін
қамтиды.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа
технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең
басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы
да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін
жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті
өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік
қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен
сөздік жұмысын жүргізе отырып
- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
- жаңа сөздерді меңгертеміз;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.
Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып
отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың
орны ерекше.
Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру
әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және
ойын түрлері қойылады.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын
дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде
қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік
жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең
нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды,
ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай,
көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .
Ы. Алтынсарин «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып
түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген
сабақ ұғымды» деген.
Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ
тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала
ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер
мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс
тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала
дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске
түсіріп атап шығады
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар
тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды
үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері
бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік
деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы
өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана
отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды
сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы
құрастыруға болады
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
Жұптық.
Топтық.
Ұжымдық.
Жұптық оқыту.Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді.
Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу
дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа
бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары
бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог
арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін
тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде
меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым-
қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін
жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді,
топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл
топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің
бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен- екеуінің үйренуі ; пікір алмасуы
және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел
қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта
балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер
арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек,
мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мәселе:
- Орыс тілді балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз болуында
- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы
- Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді
пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы
- Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауды
- Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге,
жаттап алмауы
- Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап
беруге білмеуі
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды
құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын
құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені,
ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.Мнемокесте мынадай бағыттар үшін
қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. -Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде
символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара
тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші
әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту
мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол
ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта
жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану
сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын
байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана
білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл
мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру –
балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің
мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл
тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін
үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Жоғарыда айтып кеткен топтық, жұптық, ұжымдық оқытуларда мнемокестелерді
тақырыпқа байланысты өткізуге болады. Мысалы: жұптық оқытуда, балаларға
жеке символдармен бейнеленген кестелерді беріп , балалар сол кестені
пайдалана отырып диалог түрінде сөйлесе алада. Ал негізі монологтарды ең
алғашқысында ұжымдық оқытуда пайдаланып, содан соң жеке – дара сол тақырыпта
әңгіме жүргізе алады. Осы ең тиімдісі деп ойлаймын.
Балалардың ойын дамытуда тағы бір әдістің түрі бұл - үстел үстіндегң
мнемокестені ұйымдастыру. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық
шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.
Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап
, көбен көреді, жан – жақты таниды . Балаға өзі білген сөздерден және де өткен
сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді
құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы : « Отбасы
» тақырыбын өткен кезде ата, ана, әже, әке сөздерін меңгеретін болсақ,
өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала « әдемі ана
» деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа
тақырыпты өткеде, мысалы : « Тағамды» алатын болсақ , « анада
нан бар » тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады. Осы аталған әдісмтердің
барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты
элемент болып саналады.
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға,
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық
бояу береді.
«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде
баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» К. А. Покровский
«Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.»
(В.М.Сухомлинский
Дидактикалық ойынның түрі : заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі
ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.
Ойын: «Сөз ойла»,Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту.Шарты:
текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.
Ойын : «Сөйлейтін моншақтар» Мақсаты. Берілген тақыры бойынша қасиеттеріне
қарай ажырата білу. Шарты: Суреттерден моншақ жасау ( жіпке тереді)
«Ойнайық та, ойлайық, ойлайық та сөйлейік » Ойынның барысы: шеңбердегі
суреттерді таңдау арқылы сөйлем құрастырып, байланыстырып сөйлеу.
Дидактикалық ойын: «жыл мезгілдері» Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту,
сөздік қорларын молайту.
Ойын шарты: тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттерді қиып жапсыру.
Дидактикалық ойын: «Әңгімелеп бер»Тақырыпқа байланысты байланыстырып
сөйлеуді дамыту.Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі.
Олар тақырыпқа сай байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.
Сонымен қатар қазақ тілін үйретуде әдебиет жанырларын қолдана отырып балалардың
тілдерін дамытуға болады. «Көркем сөзі бар болғырдың өзің орақпен орып күрекпен
орып ала алмайсын: оны бір – бірлеп тересің, бір – бірлеп тізесің!» ( Ғ.
Мүсірепов)
Ұсынылатын ойын түрлері:
- «Көршімді іздеймін.»
- «Адасқан сөздерді орнына қою»
- « Берілген сөздер бойынша мақал құрастыру»
- « Ребусты шешу »
Мысалы, мақал құрастыруға берілетін сөздер ата, ағаш, бала, жапырақ. Мақал
«Ата – ағаш, бала – жапырақ.», «Бала тілі - бал». Балаларға мақалдардың
мағынасын түсіндіру.
Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол
сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз
балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап
алуына да болады.
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер,
сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп
сенімдімін.
1.Қазақ тілі сабағында қолданылған аудиокітаптар балалардың
қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға
қалыптастырады.
2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді,
шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.
3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын
т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы
сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін
тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже :
- әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Баланың жеке қабілеті анықталады.
- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.
- әр бала өз деңгейімен бағаланады.