Текст
"Мирас" бөбекжайында Республика күніне арналған челендж өткізілді. Бұл іс-шараға барлық жастағы топтардың ата-аналары мен балалары қатысты. Бөбекжай аумағында 68-ден астам ағаштар мен бұталар, қарағайлар, қайыңдар, сиреньдер және т.б.ағаштар отырғызылды. Іс-шараға ата-аналар қуана қатысты. Мектепке дейінгі балалық шақ-баланың жеке басын, оның экологиялық санасын қалыптастырудың бастапқы кезеңі. Біздің мектепке дейінгі мекемеде экологиялық акциялар оқу жылы бойы өткізіледі. Акция барысында мектеп жасына дейінгі балалар табиғаттану білімін алады, экологиялық мәдениет дағдыларын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Акция ата-аналар арасында жақсы насихат қызметін атқарады.