"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мирас" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Мирас" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области".

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аяулы анашым!»

15.03.2019

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Мақсаты: Балаларға көктем туралы,8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің барысы: 
Жүргізуші
: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, құрметті аналар! 
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар және әжелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

Балалар қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп кіреді.)

 Тәп-тәтті қыз –Бейбарыс Аяла

 Айдай ашық - Батырхан Кәусар

 Әп әдемі –  Мұстафа-Сезім

 Сүйкімді-Жасмина

 Әсем қыз –  Мадияр Айша

 Айдай сұлу – Әділ Аяулым

 Ерке қыз –-Азиз Айару

Мейірімді қыз – Жәния

Гүлдей күлімдеген – Тоқжан

 Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым

Жүргізуші: Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

«Құттықтаймын мама туған күніңмен!»

 

Тақпақ Жасмина,Сезім,Мұстафа

Жасмина

Асыраған сақтаған

Айтып бәрін үйреткен

 Анамызға мың алғыс

Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен бздерді

Анамызға мың алғыс

Сезім

Әркім сүйер өзінің

Мақтан етер анасын

Бәрі жақсы ананың

Бәрін сыйлау керек-ау

Бірақ әрбір баланың

Өз анасы бөлек-ау

Мұстафа

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Құрметейміз ананы

Құттықтаймыз бүгін біз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүрініз.

К.Алишер

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүрініз.

 Араларды киіндіру (осы арада)

Жүргізуші: - Балалар, назар салып тыңдаңдаршы,

Қар мұз еріп, Су көбейіп,

Сай салада ағады.

Бүршік шашып,Жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде.

Көктем әуенмен кіреді.

Көктем: - Наурыз айы көктеммін,

Күлімдеп күмбез көкте күн.

Жайқалған жасыл жапанға,

Жылулық нұрын төккенмін.

-Сәлеметсиздер ме, сұлу қыздар, аналар мен әжелер! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын!

-Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме?  

Ойын: «Кім бірінші гүлді   құрастырады»

Көктем: Тамаша Мен хош иісті гүлдерді жақсы көрем. Сол себептен мен сендерге гүлдерді құрастыру ойынын алып келдім. Мынау менің қолымдағы гүлдердің жапырақтарын жинап әсем гүл жинауларыңды сұраймын.

Көктем: Ойынды өте жақсы ойнайды екенсіңдер!

Жүргізуші:   Жарайсын көктем төрлет балалармен отырады

Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

ТақпақКәусар, Айша, Мадияр,Азиз

Кәусар

Қайырымды қасиетті

Ең ардақты ақ әжем

Әрбір сөзі өсиетті

Баға жетпес ақ әжем

Айша

Мерекесі бүгін

Алтын анамнын

Сыйлайыншы гүлін

Жарқын даламның

Мадияр

Ақ анашым аппағым

Өзін жайлы таппағым

Өзің жайлы әнімде

Арандым саған бәрінде.

Азиз

Мәпелейсін мені анам

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағына қысылмай

Ақбайхан

Бәрінізде анасын

Біз үшін гүл боп жанасын

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым

Жүргізуші:

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Ән: «Көктем келді»

Тәрбиеші: Көктем ханшайымы балаларымыздың биін тамашаланыз.

Коктем: Иә.

Би: «Ха-фа на-на биі»

Жүргізуші:Балалар  енді Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы ким бізде тез анасына казір иогуртты жегізеді екен Дайынсыңдар ма? Маған Ойынға  Кәусар Азиз  Жәния Батырхан шығады.

Балалар: Иә.

 Ойын. «Аналарды тамақтандыр»

Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.  Иогурты кимнін анасы  бірінші бітіреді.

КөктемЖарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен!би де биледіндер. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.

Тақпақ:Бейбарыс,Тоғжан,Аяулым,Аяла,

  Бейбарыс

 

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсізғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар!

Тоқжан

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамынмен бүгінгі

Құтты болсын анашым

Аяулым

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз.

Аяла

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіне

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде

Жігер

Менін анам ақылшым

Күн секілді білгенге

Шашырайды шуағы

Үйімізге кіргенде.

Жүргізуші Аналарымызға арнап ән орындап берейк.

Ән«Анам менін аппақ»

Жүргізуші:

 Кең болсын қазағымның керегесі,

 Кетпесін Алла берген берекесі,
 Алаштың баласына нәсіп болған,

 Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Би «Домбыра»

Әже кіреді.

Әже: - Сәлеметсіздер ме, Менің балдай тәтті балғындарым! Мынау жерде не деген шу болып жатыр?

Жүргізуші: - Қош келдіңіз әжетай! Төрлетіңіз! Біз халықаралық әйелдер, қыздар күнін тойлап жатырмыз, қазір біздің балалар сізге арналған тақпақтарын әндерін  айтып береді.Әжетай, біздің балалардың сізге арналған әнін қабыл алыңыз!

Ән: «Әжемнің шайы»

ТақпақЖәния,Айару,Батыхан

Жәния

Бізді өсірген апатай

Еңбегінде зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсын мерекең

Айару

Аялаған саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайы құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең.

Батырхан

Мақтан апа

Шат әңім апа

Өзіне тақпақ

Жатадым апа

Амир

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілерім

Қартаймашы анашым

Адия

Тендесі жоқ данасын

Ақыл сүйер панасын

Еңбегінді ақтаймын

Аман болшы анашым

Әже: - Рахмет, қарақтарым! Енді мен сендердің аналарыңмен ойын ойнағым

келіп отыр. Ойынға бір баланың анасын шақырамын, ол көзін байлап топ

баланың ішінен өз баласын тауып алу керек.

Әже: -Тамаша, әнді әдемі айтады екенсіңдер!

Жүргізуші:

Ән «Біз бақытты баламыз»

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар

Келесі Құттықтау сөзі № 18 Мирас балабақшасының  меңгерушісі Сандуғаш Сәлімжан қызына беріледі.  Ал енді, біздің балаларымызға арналған сыйлықтарды қабыл етіңіздер.

.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст